Бокстан Қазақстан чемпионатының екінші күніне тікелей трансляция

Сурет: ҚБФ

Бүгін, 24 қараша Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі рингте қатар ерлер және әйелдер өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар жарыс күндерін екі сессияға бөлді: біріншісі таңғы сағат 11-де басталып, 14:00-ге дейін болады. Екіншісі 15:00-де басталып, кешкі жетіге дейін. Жекпе-жектерді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Турнирдің бірінші күні ерлер арасында 49 келіге дейінгі салмақта ширек финалға шығатын боксшылар анықталды: бес дүркін ел чемпионы Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов келесі кездесуінде Атырау облысының боксшысы Садай Фарзалиевпен рингке шығады. 

1/8 финалға 52 келіде Түркістан облысынан Сәкен Бибосынов және Атырау облысынан Олжас Байниязов. Сонымен қатар, ересектер арасында алғаш өнер көрсете бастаған Махмуд Сабырхан да осы кезеңге өтті.

Кешкі сессияда 60 келіде 1/8 финалға Азия чемпионатының жүлдегері Саматәлі Төлтаев, Азия ойындарының чемпионы Ілияс Сүлейменов және 2016 жылғы Қазақстан чемпионы Әділет Құрметов өтті.