Бокстан еңбек сіңірген бапкер өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

©Kokeshi75 /

Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген бапкері өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қостанай облысының полициясы хабарлайды, деп жазады Vesti.kz сайты Astana TV арнасына сілтеме жасап.

20 жастағы бұрымды полицияға арыз жазған. Шағым 2022 жылдың 16 қарашасында түскен екен, алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып жатыр. Дерекке қатысты екі бап бойынша сот алды тергеу басталды: зорлау және бірнеше рет зорлау. 

"Тергеу аясында бірнеше сот сараптамасы тағайындалып, өткізілді. Оның қорытындысы бойынша соңғы процесуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, ал зардап шеккен тарапқа қорғаныс қамтамассыз етілді", - дейді Қостанай облысының Полиция департементінің баспасөз қызметі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: