Боксшы мен бапкері ұшақта бұзақыны "тәртіпке келтірді"

©Видеодан кадр

Бокс бапкері Артур Калита  мен оның шәкірті Павел Куборский Эфиопиядан Ресейге бағыт алған ұшақтағы бұзақыны тәртіпке келтірді, деп жазады Vesti.kz Ресейдің бокс федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұшаққа ішіп алған бір топ адам кіріп, олардың бірі таң атпастан жолаушылар арасымен арлы-берлі жүріп, адамдарды ұра бастаған екен. 

Осы кезде Артур мен Павел бірден бұзақының қолын бұрап, тәртіпке келтіріпті. 

Ал Мәскеуге жеткенде бұзақыны полицияға тапсырылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар