Блогер UFC ұйымының экс чемпионын нокаутқа түсірді

19 желтоқсан 2021 13:50
©vRINGe.com

Жартылай орта салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудли блогер Джейк Полмен қарымта жекпе-жекте ауыр нокаутқа түсті. Бұл айқас АҚШ-тың Тампе қаласындағы Showtime Boxing кешінде өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтыншы раундта Пол қарсыласының басынан дәл соққы тигізіп, бірден нокаутқа түсірді. 

Мұның алдында Вудли карьерасында бір ғана рет нокаутқа түскен еді - 2012 жылы.

Айта кетейік, Пол тамызда өткен бірінші жекпе-жекте 77:75, 78:74 және 74:77 есебімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport