Бивол мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізу қажет пе? Бапкер жауап берді

©Reuters

Ресейге еңбегі сіңген бапкер Марк Мельцер MMA.Metaratings.ru порталына жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2, 39 КО) арасындағы екінші кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу 8 мамыр күні өтті. Лас-Вегас қаласында болған жекпе-жекте Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

"Бивол мен Альварес арасындағы екінші кездесуді өткізу керек пе? Бұған тек Бивол жауап беруі керек. Енді ресейлік өз талаптарын қояды", - деді Мельцер. 

Еске салайық, Сауль "Канело" Альварес келесі кездесуін 17 қыркүйек күні қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өткізеді. Содан соң мексикалық келесі жылы Биволмен қайта жұдырықтасуды жоспарлап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар