"Big Drama Show оралады". Головкиннің рекордты жекпе-жегінің ресми постері жарияланды

9 желтоқсан 2020 10:11
Сурет: Сурет: Fightnews.info

DAZN cтриминг платформасы орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жегінің ресми постерін көрсетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан таңғысын GGG титулын рекордты 21-ші рет қорғайды. Шереметамен жекпе-жек Холливудтағы бокс кешінде өтеді және DAZN платформасында көрсетіледі.