Бибосыновтың қателігін жасамады. Теміржанов ширек финалда қарсыласын таза жеңді

©Данияр Майлыбаев/olympic.kz©

57 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Thailand Open турниірнің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Серік ширек финалда сингапурлік Мохамед Ханурдин Бин Хамидті жеңді - 5:0 (30-24, 30-25, 30-25, 30-26, 30-24). Осылайша, ол кемі қола жүлдеге ілгіп отыр.

Еске салайық, мұның алдындағы айқаста Сәкен Бибосынов күтпеген жерден жеңіліп қалды

Бүгін, 6 сәуірдегі кешкі сессияда тағы бір қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (81) тайландтық Анават Тонгкатокпен кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport