Бетербиев пен Смит жекпе-жегіне тікелей трансляция

©championat

Ертең, 19 маусымда WBC/IBF тұжырымдарының чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) пен WBO белбеуінің иегері америкалық Джо Смит (28-3, 22 КО) Нью-Йорк қаласында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос мықты (79,4 келіге дейін) жартылай орта салмақта WBC, IBF және WBO белбеулерін сарапқа салады. Бұл кездесуді Хабар арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, айқасты арнаның ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Бокс кеші елорда уақытымен таңғы 07:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімінде Бетербиев 79,4 келі тартса, Смит 79,2 келі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport