Белгілі чемпионды қазақстандық нокаутшымен айқасуға шақырды

©Universum Boxing

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцкий ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюриге жақсы қарсылас болатынын айтты.

Сарапшы қазақстандық нокаутшының "Кавказ Арыстанымен" айқасының құнын атады

"Фьюридің Чисораны таңдай беретіні қызық. Үшінші рет айқасады. WBC желісі бойынша жақсы боксшылар көп. Кособуцкий да жаман емес. Рейтингі мен рекорды жақсы. Оның үстіне аспандағыны сұрамайды, жекпе-жекке бірден келіседі. Махмудов та бар, тағы бірнеше боксшыны айтуға болады. Мүмкін олар дегендеріне келесі жылы жетер. 

Қазақстандықтың кейінгі айқасын айтсақ, ол германиялық мықтыны оңай жеңді. Айырмашылық бірінші минуттан бастап білінді. Ол чемпиондық айқасқа дайын деуге болады. Жан мен Фьюридің жұдырықтасқанын тамашалау қызық болар еді. Қазақстандықтың жеңіске мүмкіндігі аз шығар, бірақ ол Чисорамен бір жақты жекпе-жектен әлдеқайда артық", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport