Бекзат Нұрдәулетов карьерасына қатысты түбегейлі шешім қабылдады

©AFP

Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы боксшы карьерасын кәсіпқойда жалғастырмақ, осы себепті ол қазақстандық ADAL Promotions компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Бекзаттың келесі жекпе-жегі 6 қарашаға жоспарланып отыр. 

Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі бірінші айқасын 2020 жылы қазанда өткізіп, одан кейін тағы бір жекпе-жекке шыққан. Боксшы екеуінде де жеңіске жеткен. Алғашқысында ол танзаниялық Ибрахим Маоколаны (14-10-1, 9 КО) екінші раундта есінен тандырды, ал одан кейін нигериялық Кабиру Товолавиді (15-4, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Осыдан кейін Бекзат Қазақстан құрамасымен Токио Олимпиадасына аттанып, күтпеген жерден бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Осылайша, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport