Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында қазақстандық Бек Нұрмағанбет қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
81 келі салмақтағы финалдық кездесуде отандасымыз Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинді жеңді.
Осылайша, Бек Нұрмағанбет биылғы құрлықтық жарыста Азия чемпионы атанып, ұлттық құрама сапынан екінші болып алтын жүлде иеленді.
Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші алтынды Тұрсынбай Құлахмет салды.
Жарнама