"Батылырақ болу керек!". Маман Кособуцкийге екі қарсылас ұсынды

© Shamoo Boxing

Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс қазақстандық аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы Жан Кособуцкийге (18-0, 17 КО) екі қарсылас ұсынды. Бұл туралы шолушы Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында таратып айтып берді. 

"Агит Кабайелмен жекпе-жек туралы ақпараттың әлі жоқ екені өкінішті. Бұл Кособуцкий үшін ең тамаша мүмкіндік еді. Одан бөлек, қазақстандықтың Кевин Лерена немесе Робеот Хелениуспен кездесуін көргіміз келетін еді. Бұл қарсыластардың барлығы Жан үшін салмақты әрі рейтингте жоғарылау мүмкіндігін береді.  

Кособуцкийдің командасы батылырақ болып, деңгейі жоғары қарсыластар іздеуі керек. Ол деңгейі бөлек кездесулерге дайын деп ойлаймын" - дейді Саенс. 

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 41 жастағы франциялық Йохан Дюопаға (39-7, 26 КО) қарсы өткізіп, WBC International вакантты титулын нокаутпен жеңіп алды. Бұдан кейін ол неміс Агит Кабайелді (22-0, 14 КО) шаршы алаңға шақырды, бірақ әзірге Кабейел тарабы ешқандай жауап қатқан жоқ. Ізінала Еуропа боксшылар ұйымы (EBU) Кособуцкийге түркиялық Умут Чамкиранмен (18-0, 17 КО) кездесу ұсынды, алайда қарсыластар ортақ келісімге келе алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport