"Басқаша болады". Усик Джошуамен айқасы алдында құпиясын ашты

©championat

Аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуаға қарсы реванш алдында жаңалығымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бәрі басқаша болады. Қазір бүкіл құпиямды жариялай алмаймын. Алайда шаршы алаңдағы тұрысымды немесе позициямды өзгертемін", - дейді Усик Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы алғашқы кездесу 2021 жылдың басты айқасына баланған еді. Ол кезде 116-112, 117-114, 115-113 украиналық боксшы жеңіске жетіп, WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport