"Бәрің қорқақсыңдар". Қарсылас таппай жүрген әлем чемпионы үндеу жасады

©inform-ua

Суперауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри болашақ қарсыластарының әлі күнге дейін нақты анықталмағандығына қатысты пікір білдірді.

"Маған алдағы қарсыластарым туралы сұрақтарды жиі қояды. Алайда бұл сұрақтың жауабын білмеймін. Сегіз апта бойы жаттығу өткізіп келдім. Джошуа – қорқақ, Усик – әлсіз біреу. Ал Диллиан Уайта болса менімен айқасудан қорқады. Сендер бәрің қорқақсыңдар. Мықты болсаңдар алдыма келіңдер. Тас-талқандарыңды шығарып тастайын", - деп жазады Фьюри өзінің twitter парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: