Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа ауысты

© olympic.kz
2019 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа өтті, - деп хабарлайды MTK Global компаниясы. 

"MTK Global командасына қосылғаныма қуаныштымын, ол әлемдегі үздік компания. Бұл менің карьерам үшін ең жақсы бағыт деп ойлаймын", - дейді Құлахмет. 



"Командамызға Қазақстанның өз буынындағы ең мықты боксшылардың бірі Тұрсынбай Құлахметтің қосылғанына қуаныштымыз. Ықтымақтастығымыз өнімді боларына және биіктерден көрінетімізге үміттімін", - дейді MTK Kazakhstan басшысы Асқар Салықбаев. 

26 жастағы Құлахмет үш дүркін Қазақстан чемпионы. Ол 75 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы Азия және Әлем чемпионатына Әбілхан Аманқұлдың жарақатына байланысты барған.