Азия чемпионатында қазақ пен өзбек боксшылары финалда кездесті

©sportpanda

Бокстан Қазақстан құрамасы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының соңғы финалдық сессиясында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

67 келіге дейінгілер арасында Ислам Советов финалда өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасты. Шиеленісті өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер қазақ боксшының қолын көтерді.

Келесі финалда 71 келіде Егор Егоров тағы бір өзбекстандық Әлішер Аюбовпен айқасты. Үш раундтың нәтижесі бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері үздік деп танылды.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов пен өзбек Рахматулло Бойматов өзара мықтыны анықтады. Өкінішке қарай барлық раундта өзбекстандық боксшы басым болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport