Азия чемпионатында қарсыласынан үстем болған қазақ боксшыға жеңіліс жазылды

Сурет: Olympic.kz

20 жастағы қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Азия чемпионатындағы бірінші жекпе-жегі күтпеген есеппен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Құрлықтық жарыс Дубайда өтіп жатыр. 

56 келіге дейінгі салмақта Махмұдтың қарсыласы үндістандық Мохаммад Уддин болды. Қазақстандық боксшы өте жақсы бокс көрсетіп, қарсыласынан басым болғаны көрініп-ақ тұрды. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша оған 0:5 есебімен жеңіліс жазылды.

Қазақ боксшы екінші айналымға өткен жағдайда, келесі айқасында 2019 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасатын еді.