auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Азия чемпионатына Қазақстан құрамасының үздік боксшылары бармайды

Азия чемпионатына Қазақстан құрамасының үздік боксшылары бармайды
© kfb.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық командадағы селекция туралы айтып берді. 

Биыл Қазақстан құрамасын екі үлкен жарыс күтіп тұр - Азия біріншілігі мен әлем чемпионаты.

- Ғалым Қалиұлы. Азия чемпионаты туралы ақпарат бар ма? Салмақ дәрежелері қысқартыла ма?
- Азия чемпионаты өтеді. Барлық тоғыз салмақ бойынша да ақпарат келді. Ал әлем чемпионаты туралы... Уақыты белгілі, бірақ, сегіз салмақта өтетін шығар. 

- Сегіз салмаққа дейін қысқартыла ма?
- Мүмкін. Ал Азия чемпионатына он салмақ бойынша ресми шақырту келді. Қазір осы жарысқа дайындаламыз.

Финляндиядағы турнир бар. Ол жерге жастарды - жастар арасындағы әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін апарамыз. Олармен Ержан Жомарт және Азат Махметов аттанады. Аса маңызды турнир емес. Жігіттер алғаш рет шлемсіз жұдырықтасады, бұл үлкен қиындық екен. 

- Тағы "Жібек жолы" бар ғой.
- Оны Әзірбайжан бокс федерациясы өткізеді. Онда да жігіттер барады.

- Сонда Азия чемпионатына дейін Қазақстан құрамасының көшбасшылары жұдырықтаспай ма?
- Йә, болды... Бізде жігіттерден үш құрам бар, оның үстіне кім қандай дайындықта екенін қараймыз, міне сол жігіттер Қазақстан намысын қорғайды. Бұл Азия чемпионатында лицензия берілмейді. Сондықтан басқа жігіттерді сынап көреміз. Олимпиада ойындарына таңдау жасау үшін. 

Команда жаттығып жатыр. Қазір резерв жетіліп келеді. Кезінде Серік Сәпиев пен Геннадий Головкин мықты болатын. Қазір де командамыз мықты. Әлем чемпионы және Олимпиаданы ұта алатын жігіттер бар. Бірақ, көп еңбектену қажет, күтіп отыра бермей. 

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты Тайландта сәуірдің екінші жартысында өтеді. Ал әлем чемпионаты қыркүйекте Ресейде өтеді деп белгіленген. Әлемдік турнир 2020 жылғы Олимпиадаға квалификациялық болып есептеледі. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама