"Азия чемпионаты деген не ол?". Әйгілі бапкер Тұрсынғали Еділов Аммандағы турнир жайлы

©Tengrinews

Бокстан Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты жалғасуда. Осы орайда бірнеше Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін жаттықтырған білікті маман Тұрсынғали Еділов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрама жалпы есепте көш бастауы тиіс деді.

"Азия чемпионатында тәжірибелі боксшыларымыздың барлығынан алтын күтуге болады. Олардың арасында Қамшыбек Қоңқабаев, Сабырхан Махмұт, Сәкен Бибосыновтар алтын алуы тиіс. Олимпиадада жүлде алып жүргендер үшін Азия біріншілігі деген не ол? Еш қиналмастан алтын алуы керек. Жалпыкомандалық есепте біздің жігіттер көш бастауы тиіс. Бізге өзбек командасы ғана бәсекелестік танытуы мүмкін. Бірақ Иорданиядағы турнирде бірінші орын алуымыз керек", - деді маман.

Еске салайық, бүгін ринг төріне ерлер құрамасының 10 өкілі финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады.

"Бапкер ретінде маған да қиын". Тұрсынғали Еділов Ербосынұлының жағдайына қатысты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии