Айтжанов Париж Олимпиадасына боксшыларды іріктеу туралы айтты

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Qazaqstan арнасындағы эфир кезінде ұлттық құрама сапындағы боксшылардан Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиадаға кім баратынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джалолов бес қазақстандық бар ӘЧ жеңімпаздарына үн қатты

- Көрермендер Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов және Махмұт Сабрхан туралы сұрауда. Салмақ ауыстыра ма, кім барады? Бұл қалай шешіледі?

- Әзірге асығыс шешім жасамау керек. Әлі де уақыт бар. Дұрыс шешімге келеміз деген ойдамын. Бірінші кезекте салмақ түсіру, басқа салмаққа өтіп, онда сәтті айқасу оңай шаруа емес. Сондықтан бәрін ринг пен уақыт көрсетеді. 

Айта кетейік, Санжар мен Махмұт 48 және 54 келіде өнер көрсетеді, ал бұл дивизиондар Олимпиада бағдарламасында жоқ. Бағдарламада 51 келі бар, Қазақстан құрамасында бұл салмақта Бибосынов бірінші нөмір. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport