Әйгілі Спенс Кроуфордтан жеңілу себебін ашық айтты

©The Mirror

Жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Эррол Спенс (28-1, 22 KO) отандасы Теренс Кроуфордтан (40-0, 31 KO) жеңілу себебін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар арасындағы әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін айқас Лас-Вегаста өтіп, тоғызыншы раундта Кроуфорд техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Спенс үш рет нокдаунға түсті. 

"Мені ештеңе таңдандырмады (Кроуфорд турасында). Ол мен ойлағандай болды. Менің таймингім дұрыс болмады. Неге? Өзімді жайлы сезінбедім, бірақ мұндайды еңсере білетін едім. Бәрі өткен жекпе-жектердегідей болады деп ойладым, алайда таймингті келесі деңгейге көтере алмадым. 

Бір немесе екінші раундта мен оның күшін сездім. Өте мықты жігіт, бірақ элиталы деңгейдегі боксшылардың бәрінде күш бар. Мен соққы жасау сәтін сезіне алмағандықтан, ол мені сол соққылар арасында оңай ұстап алып отырды", - дейді Спенс жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар