Айдос Ербосынұлы карьерасындағы ең үлкен айқасқа шыға алмайды

Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы мен ресейлік Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.

Боксшылар 17 сәуір Германияның Карлсруэ қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасу керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен титул үшін жекпе-жек өткізетін еді.

"Жекпе-жек болмайды, қарсылас коронавируспен ауырып қалыпты! Немесе қулықпен! Сауығып кет! Қолдау үшін бәріне рахмет!" - деп жазыпты Шведенко Instagram стористе.

Еске салайық, кейінгі рет Айдос желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, ганалық Исса Самирді нокаутқа түсірген.