Айбек Олимпиадаға іріктеуде Азия чемпионын таза жеңді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Айбек Оралбай Италияда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдегі бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

92 келіге өнер көрсететін Айбектің қарсыласы үндістандық Санжит болды. Айта кетейік, қазақстандықтың бұл қарсыласы Азия чемпионы және екі рет әлем біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен тәжірибелі боксшы. Дегенмен бұл кездесуде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетейік, Айбек Оралбай да 2022 жылы Азия чемпионы атанған болатын. Қазақ боксшы ертең тағы да шаршы алаңға көтеріледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар