Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Усик - Джошуа айқасына болжамын айтты

©Obozrevatel

Ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (11-0, 11 КО) осы дивизионда WBA Super, IBF және WBO чемпионы Александр Усик (19-0, 13 KO) пен британиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы айқасқа болжамын айтты. 

"Бұл жекпе-жекке болжам жасау қиын. Усик Джошуадан мықты, бірақ, кейінгі уақытта оған оңай тиген жоқ. Міне сондықтан Джошуада мүмкіндік бар деген ойдамын", - дейді Дычко Boxingnews.co басылымына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport