Ауыр салмақтағы қазақ боксшы кіші ӘЧ-де жеңілді

©Видеодан кадр

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі Странджа кубогінде қазақстандық боксшы Абзал Құттыбеков екінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

92 келі салмақтың ширек финалында Абзал үндістандық Навин Кумармен жұдырықтасып, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Еске салайық, бұған дейін 1/8 финалда Құттыбеков қытайлық Хань Сючженьді жеңген болатын.

Ал бұған дейін 71 келіде Талғат Шәйкен грузиялық Эскерхан Мадиевке төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберген - 2:3.

Осылайша, осымен екінші қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport