Ауыр нокаут. "Құбыжық" әйгілі Сепеданы рингте шалқасынан отырғызды

©Boxing Junkie Staff

АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешінде америкалық Хосе Сепеда мен Реджис Прогрейс айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Супер жеңіл салмақтағы 12-раундтық жекпе-жекте WBC белбеуі сарапқа салынды. Бұл тартысты кездесу 11-раундта аяқталды. "Ругару" (мифологиялық құбыжық) лақап атты Прогрейстің сол қолының соққысы Сепеданы есеңгіретіп жіберді, Реджис шабуылын жалғастырды, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Осылайша, Прогрейс 28-ші жеңісін тойлады (24 нокаут), ол кәсіпқойда бір-ақ рет жеңілген. Ал 35 жеңісі бар (27 нокаут) Сепеда карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport