Атышулы британиялық боксшы 41 нокауты бар чемпионды сұлатуға уәде берді

30 желтоқсан 2019 10:28
© mmaboxing.ru
Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) осы дивизионда WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдермен (42-0-1, 41 КО) қарымта жекпе-жекті төрешілер шешімімне жеткізбей, нокаутпен аяқтауға уәде берді, - деп хабарлайды Вoxingnews24.com.

"Рекорд орнатуға асықпын. Бірінші жекпе-жекте мен Уайлдерді раундтар есебі бойынша жеңдім - 10-2. Бірақ төрешілер тең шешім шығарды, бұл өте даулы.  Қарымтада бәрі басқаша болады. Қарымта төрешілер шешімімен аяқталуын болдырмаймын", - дейді Фьюри.

Еске салайық, екінші жекпе-жек 22 ақпанда Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өтеді. Ал 2018 жылы желтоқсанда Лос-Анджедесте өткен жекпе-жек тең аяқталған. Бұл кездесуде британиялық боксшы екі рет нокдаунға түскен еді. 

41 нокауты бар аса ауыр салмақтағы чемпион келесі қарсыласымен бір жылда екі жұдырықтаспақ