"Аты шыққан боксшы". Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласына қатысты мән-жай айтылды

Сурет: Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіов (10-0, 6 КО) биыл атақты қарсыласпен жұдырықтасуы мүмкін. Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиевтің Vesti.kz тілшісіне айтуынша, командада бірнеше қарсылас арасында таңдау бар. 

Мұның алдында литвалық Эгидиюс Каваляускас (22-1-1, 18 КО), америкалық Верджил Ортис (17-0, 17 KO) және ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) туралы айтылған. Алайда Елеусіновтің командасы одан да жоғары деңгейді көздеп отыр. 

"Аты шыққан боксшы. Топ деңгейдегі. Бұрынғы чемпиондардың бірі болуы ықтимал. Әзірге қарастырып жатырмыз. Matchroom компаниясымен бірге көп дүниені өткеріп жатырмыз. Белгілі бір шарттарды солармен бірге шешеміз. Кей жағдайларды талқылап жатқан жайымыз бар. Осының бәрі шешілісімен, бәрі анық болады", - дейді Алиев.