Аты аңыз Пакьяо мен Мейвезер жекпе-жекке қайта шығады

©CBS Sports

Global Titans промоутерлік компаниясының басшысы Удай Сингх америкалық боксшы Флойд Мейвезер және филиппиндік Мэнни Пакьяомен қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды sports.ru.

"Флойд пен Пакьяо жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Желтоқсанда хабарлайтын шығармыз. 

Бұл шоу жекпе-жек емес, нағыз қарымта болады. Флойдтың сұраған ақшасын берсек, кіммен болсын шығуға дайын. 

Ол маған: "Неге болмасқа? Жасайық", деген болатын. 2017 жылы Конор МакГрегормен кездесуден кейін шынайы жекпе-жек өткізген емес. 

Онымен келіссөз жүргізу қиын. Бірақ ол спорттан мүлдем кететін уақыты жақын екенін біледі, екі-үш жылы ғана қалды. 

Кейін біз Мэнни Пакьяоның командасымен сөйлестік, олар маған: "Бәрі жақсы. Мэнни рингке шығуға дайын" деді. Қазір ақша мәселесі дегендей жақтары талқыланып жатыр, – дейді Сингх.

Еске салайық, 2015 жылы бес салмақта чемпион болған Мейвезер мен сегіз дивизионда экс чемпион Пакьяо арасында бірінші жекпе-жек өтіп, америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport