Атақты Майк Тайсон Голливудта оққа ұша жаздады

©Reuters

Бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Голливудтағы әзіл-ысқақ шоуы кезінде оққа ұша жаздады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

vRINGe.com агенттігінің мәліметінше, шоу өтіп жатқан залға белгісіз ер адам кіріп, боксшыны жекпе-жекке шақырған. Майк келушіге мазаламауын сұрап, кетуін бұйырғанда ол мылтығын алып, оны көздеген.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан осы уақытта Тайсон оқиға орнында қалып, қарсы әрекет жасамағанын көруге болады. Соңында қонақ боксшыға жақындап, оның қолын қысып, құшақтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар