"Асыға күтемін". Жеңілмеген қазақ боксшының 16 нокауты бар қарсыласы

4 желтоқсан 2020 10:51
Сурет: tapology.com

Суперорта салмақтағы қазақ боксшы Айдос Ербосынұлының (13-0, 9 КО) қарсыласы  Исса Самир (18-0, 15 КО) бәріне дайын екен. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол рингке шығатын күнді асыға күтетінін мәлімдеді.

"Қазақстандық боксшымен жыл басында жұдырықасу керек болғанмын. Өкінішке қарай, бұған панемия бөгет болды. Осы жолы басқа салмақтағы жеңілмеген қарсылас алдым. Қазақстан туралы ештеңе естімедім, бірақ, сіздерде мықты боксшылар көп екенін білемін. Бұл мен үшін үлкен сын. Былтырдан бері жұдырықтаспадым, сондықтан рингке шығатын күнді асыға күтемін. Көрермендерге біздің жекпе-жек ұнайтынына сенімдімін. Жеңіс жолымды жалғастырмақпын. Алыс сапардан қорықпаймын. Мен ең мықты бокс көрсетемін", - дейді Самир. 

Бұл кездесу 16 желтоқсан Қазақстан астанасында өтетін бокс кешінің басты айқасы болады. Ербосынұлында WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдары барын айта кетейік.

29 жастағы қазақ боксшы 26 шілде Минскте өткен кейінгі жекпе-жегінде германиялық Нуху Лавальді (27-7, 15 КО) жеңген еді. Қазір Айдос WBA рейтингінде екінші, WBO-да алтыншы, IBF-де жетінші және WBC ұйымында 15-ші.

31 жастағы ганалық Исса Самир 19 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (16 нокаут). Самир кездесуінің бәрін Отанында ғана өткізген екен.