ASBC қазақ боксшылардың Олимпиадаға іріктеудегі жеңісін атап өтті

©instagram.com/boxingkazakhstan

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Қазақстандық боксшылардың Италияның Бусто-Арсициосында өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетіп жатқанын атап өтті, деп жазады Vesti.kz.

"Бусто-Арсициодағы жарыстың сегізінші күні азиялық талантты паш етті. 

Алуа Балқыбекова керемет өнер көрсетіп, Джо Хен Джунды жеңді. Сәкен Бибосынов Азат Махметовпен жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Нұрбек Оралбай Алексей Алферовтен басым түсті. Махмұт Сабырхан турнирдің ширек финалына өтті, ал Асыланбек Шымбергенов Байрамдурды Нурмухаммедовті жеңе алды", - делінген ASBC хабарламасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport