АСА белбеуін қазақ халқына сыйлаған Туменов блогерді жекпе-жекке шақырды

2 желтоқсан 2021 08:21
©aca-mma

Өткен аптада 29 жастағы ресейлік ММА шебері Альбер Туменов кәсіпқой рингтегі алғашқы қадамын жасап, төрешілердің бір ауыз шешімімен Скотт Сигмонды жеңген еді. Енді ол америкалық блогерді жекпе-жекке шақырып отыр.

"Сәлем, Джейк Пол. Сен екі спортшыны жеңдім деп мәз боласың. Бірақ ол жігіттер бокстың не екенін білмейді. Менімен айқасқа шық. Мен ММА-дағы мықты боксшымын. Саған бокстың қыр-сырын көрсетем. Кеттік, Джейк", - деп жазды Туменов Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Туменов бірінші орта салмақта АСА лигасының бұрынғы чемпионы. 2019 жылдың қарашасында Алматыдағы АСА 102 турнирінің басты айқасында отандасы Беслан Ушуковты ауыр нокаутқа түсірген соң, белбеуін қазақ халқына сыйға тартты. Спортшы бұл әрекетімен кезінде Кавказдан Қазақстанға жер ауып келген балқарларға соңғы нанын бөліп бергені үшін қазақ халқына ризашылығын білдірді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: