Аңызға айналған Майк Тайсон жеке бокс лигасын ашады

©MMABoxing.ru

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон тек блогерлер ғана жұдырықтасатын бокс лигасын ашқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

55 жастағы Тайсон 2005 жылы Кевин Макбрайдтан алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған. Ал соңғы рет Рой Джонспен 2020 жылы жұдырықтасты.

"YouTube-те бокс лигасын ашамын да, барлық блогерді сонда шақырамын. Сол жерде бір-бірімен айқасады. Мен де сонда өнер көрсететін шығармын. Мен тіпті YouTube чемпионы болатын сияқтымын", - дейді Тайсон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport