"Анам кәріс. Ал мен...". Бивол шыққан тегі туралы айтты

©championat

Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгеннен кейін шыққан тегі туралы айтып берді.

"Қай жерде туғанымды, шыққан тегімді ұмытпауға тырысамын. Қырғызстанды ұнатамын. Мен үшін Қырғызстан мен Ресей арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қырғызстанда тудым. Анам кәріс, әкем молдован. Ал мен орысша сөйлемін", - дейді Бивол DROZD PODCAST арнасында.

Еске салайық, мамыр айында АҚШ жеріндегі бокс кешінде Бивол мен "Канело" қолғап түйістіріп, ресейлік былғары қолғап шебері ұпай саны бойынша жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport