Америкада Айдостың "Канеломен" жұдырықтасу мүмкіндігіне шынайы баға берілді

2 қыркүйек 2021 09:05
Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos/

Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBA титулына үміткерлер Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) мен гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) жекпе-жегінің жеңімпазы Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жұдырықтасу мүмкіндігін бағамдады. 

"Ербосынұлы - Леннокс айқасының жеңімпазы Сауль Альвареспен жақын арада жұдырықтаса алмайды. Тіпті мұндай мүмкіндік жоқтың қасы. "Канело" WBA титулын жиі қорғайды. Ұйым ережесі бойынша белбеу жылына екі рет қорғалады. Дегенмен аталған екі боксшы да Альваресті қызықтыра қоймас. Оның өзге қарсыластары бар, көбірек пайда түсіретін кездесулер. Саульмен айқасу ықтималы қалай болса да бар, бірақ, тым аз", - дейді МакКаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар