Алтыншы қазақ боксшы АЧ финалына шықты

©

Қазақстандық Диас Молжігітов 19-22 жастағы боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келі салмақтағы жартылай финалда ол қытайлық Аиликути Кахаерді төрешілер шешімімен жеңді. 

Айта кетейік, бұған дейін Махмұт Сабырхан (57 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54), Санжар Тәшкенбай (48), Абзал Серік (67) және Сабыржан Аққалыков жеңіске жетіп, бәрі финалда алтынға таласады. Ал Талғат Сырымбетов (60) пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5) жартылай финалда есе жіберіп, қоланы місе тұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport