Әлімханұлының промоутері "Канелоның" түбіне жететін зиянды әдетті атады

23 қыркүйек 2022 09:42
©planetsport.com

Америкалық белгілі промоутер Боб Арум суперорта салмақта абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің кейінгі айқастарында неге нашарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды sports.ru.

"Күнде гольф ойнап жүріп, маңызды айқасқа дайындала алмайсыз. Бұл аяқты "өлтіреді", басқа да зияндары бар. 

"Канело" жақсы жігіт. Маған ол ұнайды, алайда, оны гольф құртады. Бұл оның өнер көрсетуіне әсер етуде. 

Көпшілік менімен келіспей, ол салмақ дәрежесін жеңіл ауыстырып жүр деуі мүмкін. Шындығында олай емес. Оған жаттығу лагерінен кейін гольф ойнауды доғару керек", - дейді Арум. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport