Әлімханұлының промоутері 2023 жылдың ең мықты айқасын ұйымдастырмақ

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Бірініш жартылай орта салмақта WBO чемпионы британиялық Джош Тейлор (19-0, 13 КО) америкалық Теофимо Лопеспен (18-1, 13 КО) жекпе-жекте титулын қорғауға міндеттелді, деп хабарлайды ВВС.

Әзірге жекпе-жек уақыты нақты белгісіз. Бұл айқас мамыр не маусым айы Эдинбурге (Шотландия) өтуі ықтимал. 

WBO Тейлор мен Лопестің промоутері Боб Арумға келіссөзді бастау туралы хат жолдады. Ал Арумның өзі әлеуметтік желіде былай депті:

"WBO Тейлор мен Лопес арасында жекпе-жекке тапсырыс бергенен кейін, 2023 жылыдң ең мықты айқасы болуы мүмкін шараны ұйымдастыруға кірісейік".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport