Әлімханұлының орта салмақ чемпионымен жекпе-жегі жайлы ресми хабарланды

4 қыркүйек 2023 09:34
©Top Rank

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтиериге (21-0-1, 7 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі белбеу сарапқа салынатын бұл кездесу 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласындағы Fort Bend Epicenter аренасында өтеді деп жоспарланған. 

Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды. Ал жазда ғана чемпион атанған Гуальтиери титулын алғаш қорғамақ. 

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі рет Стоктонда (Калифорния, АҚШ) жұдырықтасып, канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport