Әлімханұлы "Канелоны" нақты қай раундта құлататынын айтты

©Vesti.kz

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" жекпе-жек қашан?" - деп сұрапты әлеуметтік желіге жазылушы. Жәнібек былай деп жауап берді: "Канело" туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. Бұйырса, үш раундта құлатамын", - деп жауап берді Әлімханұлы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар