Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жасады

6 қыркүйек 2022 17:29
©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағын алған соң, чемпиондық белбеуі бар боксшыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ол өз белбеуін ортаға салуға дайын. 

"Боксшылардың барлық титулды біріктіргісі келмейтіндерін түсінбеймін. Менде титул бар. Чемпиондар, белбеу біріктірейік!", - деп жазды ол өз әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы қазіргі чемпиондар - Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport