Әлемгі әйгілі чемпион тосын қадам жасады

©РИА Новости

Ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO чемпионы, украиналық Александр Усик (20-0, 13 КО) футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Усик "Полесье" командасымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Жаңа ойыншы житомирлік клубта 17-нөмірмен өнер көрсетеді. 

Келісімшарттың егжей-тегжейі кейін хабарланады. 

2023/24 маусымында "Полесье" Украинаның жоғарғы лигасына өтеді. Өткен маусымда клуб екінші лигада көш бастаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport