Әлемдік рейтингтерде жоғарлаған Жәнібек Головкин салмағындағы чемпиондарды айқасқа шақырды

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өз дивизионындағы чемпиондарды жекпе-жекке тағы шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы Жәнібек твиттер желісінде белбеуі бар үш боксшы - Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Муратамен (WBA Super) фотоколлаж жасап, "Оңай жұмыс" деп жазба қалдырыпты.  

Қазақ боксшы кейінгі жекпе-жегінде әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңді. Осының арқасында ол WBO рейтингінде екінші, ал WBC тізімінде үшінші болды. 

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) екенін айта кетейік.