Әлемдегі ең мықты боксшы кім екені ашық айтылды

11 қыркүйек 2023 09:55
©Fightnews.info

"Лаборатория бокса 2" телеграм-арнасы атақты боксшыларды қазіргі таңдағы қарсыластары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жазбада боксшылар нағыз бабында тұрғанда үлкен жекпе-жектер ұйымдастыру қиын болатыны, өйткені бір боксшылар өзгелері қартайғанын күтіп, мысық табандап жүретіні айтылған. 

"Кроуфорд ешкімді сабаған жоқ па?

Ендеше қай жұлдыз кімді сабағанын анықтайықшы. Мысық адымдап жүрген Канело өте нашар боксшылармен айқасты. Канело шыққан шын мықтылар қатарында Лара, ГГГ, Мейвезер және Дэниэл Джейкобс бар. Олардың ішінде шынына келсек Джейкобсты ғана жеңді. Плант - техникасы нашар, оң жақтан соққысы жоқ. Билли Джо Сондерс деңгейі қатты төмендеп кеткен болатын, оған дейін 5 жыл алдын мықты еді.  

Әрине мықтылармен шыққың келсе де, ондай мүмкіндік болмй жатады. Мәселен, Головкин мықтылардан ешкімді сабай алмады. Бірақ олар қартайғаныңды күтіп жүріп алса, оларды қалай сабайсың?

Ал Кроуфорд кімді сабады? Ол екі салмақта бәрін жеңді. Екі салмақты тазалап өтті. Біреуін. кейін екіншісін".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар