Әлемдегі ең мықты боксшы Канелоның "екіжүзділігін" әшкере қылды

©boxingscene.com

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд мексикалық Сауль Канело Альварестің екіжүзді екенін меңзеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін америкалық Эрол Спенспен жекпе-жек үшін орта салмаққа түсуге дайын екенін айтып жүрген Канело, жеңіліп көрмеген Кроуфордқа келгенде жұдырықтасудан бас тартып отыр. 

Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

Теренс бұл туралы былай деп жазыпты:

"Спенспен жекпе-жек үшін 160 фунтқа түсуге дайынмын деген Канелоның сөзіне қатысты қандай ойларыңыз бар? Ал маған түсе алмаймын дейді. Мүмкін бұл маңызды емес шығар, жәй ғана ой". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport