Әлем чемпионы Нұрбек Спартакиадада қарсыласын екі рет есеңгіретті

©ҚБФ

Астанада өтіп жатқан бокстан республикалық Спартакиаданың 80 келідегі фаворитерінің бірі Нұрбек Оралбай жарыстың жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалдық кезеңде оның қарсыласы БҚО боксшысы Илья Кисилев болды. Астана атынан өнер көрсетіп жатқан 23 жастағы Нұрбек қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, анық жеңіске жетті. 

Енді жартылай финалда ол өте тәжірибелі қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахметпен шығады. 

Айта кетейік, биыл мамырда Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport