Әлем чемпионы. Жәнібек келесі қарсыласын таңдады

©Top Rank

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі қарсыласын таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxing Studs Noticias мәліметінше, Жәнібек WBO және IBF белбеулері сарапқа салынған германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-1-1, 7 КО) жекпе-жектен кейін Top Rank Boxing промоутерлік компаниясынан кубалық Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) немесе доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жекпе-жек ұйымдастырып беруді сұраған.

40 жастағы Лара орта дивизионда WBA титулына ие, ал 29 жастағы Адамес жартылай орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport