Әлем чемпионы Головкинге келесі қарсылас ретінде "Канело" орнына өзін ұсынды

20 желтоқсан 2020 12:25
Сурет: Bad Left Hook

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде осы дивизионда IBF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкинге келесі жекпе-жекте өзіне қарсы келу керегін айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Оның сөзінше, бұл айқас GGG мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесуден қызықты болмақ.

"Головкин өзін мықты көрсетті. Үшінші жекпе-жек Альварес емес, маған қарсы болғанын қалар едім. Альварес Смитпен жұдырықтасып, алдағы мақсаттары қандай екенін көрсетіп қойды", - дейді Андраде DAZN-дегі тікелей эфирде.