"Алдында бас иемін, бірақ...". Сондерс Головкин жайлы не ойлайтынын айтты

© fightnews.info
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

"Головкин жасына келгенде мұндай жекпе-жектерге келіседі деп ойлаймын. Өзінің міндетті қарсыласымен (Шереметамен) жұдырықтасып, кейін "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келеді. Осымен бітті деген ойдамын. GGG жылдам, рингте ары-бері қозғалатын адаммен жұдырықтасқысы келмейді. Өзін бокста жақсы көрсетті, меніңше, оның дәуірі өтті. 

Оның алдында бас иемін. Головкин бокс үшін көп жақсылық жасады. "Канелоға" қатысты да осы. Сондықтан мен бұл жігіттердің бірімен жұдырықтасу мүмкіндігіне қуана келісем. Оларға сәттілік тілеймін, бірақ, жұдырықтасуға қарсы емеспін", - дейді Сондерс.